Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» ММ ережесі

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы «27» желтоқсандағы
№ 548 қаулысына
қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы «11» қарашадағы
№ 373 қаулысымен
бекітілді

«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

4. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.

6. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен, шешімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаттық бірлігінің лимиті және құрылымы іс-әрекеттегі заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: индексі 150100 Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы Ш. Уәлиханов көшесі 44.

10. Мемлекеттік органның толық атауы — «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

12. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі аудан бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

13. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер де «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі болып табылады, индексі 150100 Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы Ш. Уәлиханов көшесі 44.

Жұмыс тәртібі: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бес күндік жұмыс аптасы орнатылады, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды, күніне 8 сағат (9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін).

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аудан аумағында мемлекеттік саясатты өткізетін қызметін қамтамасыз ету және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоғарылатуға бағытталған шараларды жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні аудан әкімі мен оның орынбасарларының жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республика-сының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге, ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

16. Функциялары:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келесі функцияларды орындау жүктелген:

  • аудан әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына аудан өңірлеріндегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жүйелік талдау негізінде, ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
  • жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларды, іс-шараларды, нысаналы кешенді бағдарламаларды әзірлеу, өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау, жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу;
  • өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясы, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясаты мәселелері жөнінде облыс органдарына ұсынымдар әзірлеу;
  • аудан әкімдігі мәжілісінің, оның қатысуымен өтетін консультативтік-кеңестік органдар, штабтар, комиссиялар, кеңестер, жиналыстар, кездесулер және басқа да іс-шаралардың регламентіне сәйкес өткізілетін аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету;
  • әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуді қамтамасыз ету;
  • аудандық атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру, зерделеу және талдау, әкімге олардың қызметтерін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі депутаттарымен, орталық билік органдары аппараттарымен өзара іс-әрекеттерді, жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен байланысты жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент Жарлықтарының, Үкімет пен әкімдік қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • аудан әкімдігі қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, норма шығармашылықты жетілдіру, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының басқару қызметін заңгерлік қамтамасыз ету;
  • аудан әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
  • аудан әкімінің аудандық мәслихатпен өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету;
  • аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуын бақылау;
  • «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, оны дамытуға орай қабылданған Президент Жарлықтары мен Үкімет қаулыларының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес кадрлық жұмысты жүргізу. Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бос қызмет орындарына тағайындауға және ауыстыруға келісімге ұсыну мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, облыс, аудан әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапаттауға ұсыну үшін тиісті құжаттар дайындау, марапаттау құжаттарын ресімдеу, марапатталғандар туралы деректер банкін қалыптастыру;
  • қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқықтық тәртіпті және заңдылықты қолдау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету;
  • аудан әкімінің қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  • аудан әкімінің, жалпы әскери міндеттілікті орындау шеңберіндегі, аудандық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттердің алдын алу және сөндіру іс-шараларын қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
  • еңбек ету және демалыс үшін қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау;
  • қызмет кабинеттерін, мәжіліс залдарын нормативтік талаптарға сәйкес техникалық жарақтандыру;
  • мемлекеттік және қызметтік құпияларды, құпия іс жүргізуді сақтау жағдайларын қамтамасыз ету;
  • ресми үкіметтік және шетелдік делегацияларға, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларына қызмет көрсету, олардың қатысуларымен өтетін іс-шараларды ұйымдастыру;
  • аудандық атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі;
  • қызметтік құжаттар мен азаматтар өтініштеріне есеп жүргізу және қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, олардың өтініштері бойынша талдау жүргізу;
  • аудан әкімдігі мен әкімі шығарған актілерді есептеу және тіркеу;
  • электрондық қызметтерді және электрондық үкіметті дамыту;
  • аудан әкімдігінің отырысы, селолық округтердің халқымен есеп беру кездесуі, селекторлық және жұмыс кеңестері, жұмыс сапарлары барысында берілген аудан әкімінің тапсырмаларын орындауды бақылауды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері бар:

  • мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
  • сотта талапкер және жауапкер болуға;
  • «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысуға;
  • ауданның атқарушы органдарынан, төмен тұрған-деңгейдегі әкімдерден олардың қызметтері, жекелеген лауазымды тұлғалар жөнінде қажетті құжаттар, ақпараттар, түсініктемелер сұратуға және алуға, Аппарат құзыретіне жататын мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, ауданның атқарушы органдарының, төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бөліністегі әкім аппараттарының қызмет-керлерін, аудан әкімдігі мен әкімінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге қатысу үшін тартуға;
  • аудандық әкімдік пен мәслихаттың алқаларына қатысуға;
  • «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға тиісті;
  • белгіленген тәртіпте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін басқару «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын орындаудың жеке жауапкершілігі бірінші басшы- аудан әкімімен жүзеге асырылады.

19. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

20. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары бар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес лауазымдарға тағайындалады және лауазымдардан босатылады.

21. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:

  1. мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
  2. облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;
  3. тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;
  4. аудандық мәслихатқа «Ауданның құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді;
  5. мынадай лауазымды адамдарды: жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын; әкім аппаратының басшысы мен қызметкерлерін, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
  6. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
  7. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  8. мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
  9. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  10. әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқарудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
  11. ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
  12. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  13. ерлер мен әйелдердің тең құқықтығы мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
  14. өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;
  15. төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
  16. өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүрес жүргізеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындауды және онда қарастырылған тәртіптік жазаларды қолдануды қамтамасыз етеді, қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапкершілікке ие;
  17. өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
  18. өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық әкiмдіктің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауап бередi.

«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігін орындау ол жоқ болған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын басатын тұлғамен жүзеге асырылады.

22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттілігін анықтайды.

23. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын аудан әкімі аппаратының басшысы басқарады.

«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы, «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өтеді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамамен қарастырылған жағдайда шұғыл басқару құқығында жекеленген мүлігіне құқығы бар.

«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген, басқа көздері және өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған, сонымен қатар меншік иесімен оған табысталған мүлік есебінен қалыптастырылады.

25. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке қатысты.

26. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер-де ол заңнамамен белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оларға берілген, қаражат есебінен сатып алынған мүлікпен және оған бекітілген мүлікпен басқа тәсілмен басшылық етеді немесе өз еркімен иесіздендіруге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін тарату және қайта құру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ережеге толықтырулар мен өзгертулерді енгізу іс-әрекеттегі заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қарауында тұрған мекеме, аумақтық органдар және мемлекеттік мекемелер жоқ.

Мақаланың шыққан күні: 07.08.2017 17:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.08.2017 17:30

СҚО Айыртау ауданы әкiмi
Бейбiт Қайыркешұлы Исманов

Промышленная Революция 4.0

Маусым 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыeagro-trade

@2018 Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+
?