Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Әкімдердің халық алдында есеп беруін өткізу жөніндегі ұсынымдар

1. Әкiмдердiң халық алдында есеп беруiн өткiзу жөнiндегi осы ұсынымдар (бұдан әрi — Ұсынымдар) Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкiмдердiң, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес әзiрлендi.

2. Бұл Ұсынымдар барлық деңгейдегi әкiмдердiң қызметiнде қолдануға арналған.

3. Әкiмдердiң халық алдында есеп беруiн өткiзуден бұрын мынадай дайындық iс-шаралары жүзеге асырылады:

  1. әкiмдер алдағы есептерде қаралуы жоспарланған мәселелердi көрсете отырып, алдағы күнтiзбелiк жылға арналған халық алдында есеп берудi өткiзудiң кестесiн жасайды, ол ағымдағы жылғы 26 желтоқсаннан кешiктiрiлмей Президент Әкiмшiлiгiне келiсу үшiн ұсынылады;
  2. Президент Әкiмшiлiгiмен келiсiлген есеп беру кестелерi мен есепте жоспарланған мәселелер есеп берудi өткiзу күнiне дейiн кемiнде 10 күнтiзбелiк күн бұрын облыстық, қалалық және аудандық мерзiмдi баспасөзде және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ әкiмдiктердiң ресми сайттарына орналастырылады. Есептерде қозғалған мәселелердi талқылауға азаматтардың белсендi қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтердiң, кенттер мен ауылдар әкiмдерiнiң есептерi де облыстық, қалалық, аудандық баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиiс;
  3. есептердi жариялаумен қатар халықтың ұсыныстарын, ескертулерi мен пiкiрлерiн жинауды қамтамасыз ету қажет, ол үшiн белгiленген жерлерде ақпарат жинауға арналған арнайы жәшiктер орнатылуы тиiс. Олар қойылатын орындар бұқаралық ақпарат құралдарында және әкiмдiктердiң ресми сайттарында жарияланған есептермен бiр мезгiлде көрсетiледi.

Халықтан келiп түскен ақпарат мiндеттi түрде әкiмнiң есеп беру кезiндегi сөзiнде жеке тарау ретiнде жария етiледi.

4. Техникалық мүмкiндiктер болған жағдайда тұрғындардың неғұрлым көп санын қамту үшiн интернет ресурстарында облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана, Алматы қалалары әкiмдерiнiң есептi кездесулерiнiң интерактивтiк онлайн (сұрақ-жауап) көрсетiлуiн ұйымдастыру.

5. Әкiмдердiң халық алдындағы есептерi жыл сайын бiрiншi тоқсанның iшiнде өткiзiледi.

Есептi кезең аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң, сондай-ақ кенттер мен ауылдар әкiмдерiнiң есептерiнен басталады. Бұл есептi кездесулерде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмiне округтегi өз есебiн өткiзу ұсынылады.

Аудандар әкiмдерiнiң республикалық маңызы бар қалада (астанада), басқа қалаларда есеп беруiнде қаланың әкiмi немесе оның орынбасары мiндеттi түрде қатысады.

6. Барлық деңгейдегi есеп беру кездесулерiне жоғары тұрған атқарушы органдардың басшылары немесе кестеге сәйкес Үкiмет мүшелерi мен Президент Әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi қатысады.

7. Аудандар, қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қаланың (астананың) әкiмдерiнiң халық алдында қорытынды есеп беру кездесулерi халықтың барлық жiктерi, жұртшылықтың, саяси партиялар мен қозғалыстар, үкiметтiк емес ұйымдардың, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң Қоғамдық кеңесiнiң, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырыла отырып, өткiзiледi.

8. Әкiмнiң есебi дәйектi деректер негiзiнде құрылып, өңiрдiң проблемалары, әлеуметтiк-экономикалық салада қол жеткiзiлген нәтижелерi мен алдағы кезеңге жоспарланған iс-шаралар туралы толық ақпаратты қамтуы тиiс.

9. Халықтың алдында берiлетiн есептiң құрылымы мынадай негiзгi бөлiктерден тұруы қажет:

  1. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында және өңiрге барған кезде берген тапсырмаларын iске асыру барысы туралы ақпарат;
  2. елде жүргiзiлiп жатқан реформаларды iске асыру барысы, өңiрдiң өткен кезеңдегi әлеуметтiк-экономикалық дамуы, мiндеттерi мен оны одан әрi дамуының негiзгi бағыттары туралы ақпарат;
  3. мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламалардың (сол өңiрге қатысты мәселелер бойынша) орындалуы туралы ақпарат;
  4. алдыңғы кездесулерде халықтан келiп түскен ұсыныстар мен ескертулердi iске асыру бойынша орындалған iс-шаралар туралы ақпарат;
  5. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шеңберiнде қабылданған шаралар туралы ақпарат;
  6. әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң проблемалық мәселелерi және оларды шешу жөнiнде қабылданып отырған шаралар туралы ақпарат;
  7. әкiмнiң ағымдағы жылға арналған және жақын болашақтағы iс-қимыл бағдарламасы.

10. Әкiм есептi кездесу аяқталғаннан кейiн, бiрақ оны өткiзгеннен бастап 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, осы Ұсынымдарға қосымшаға сай үлгi нысан бойынша халықтың ұсыныстары мен ескертулерiн iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтедi.

11. Iс-шаралар жоспарында:

  1. есептi кездесудi өткiзу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер;
  2. аталған ұсыныстар мен ескертулердi iске асыру жөнiндегi iс-шараларды орындаудың нақты мерзiмдерi;
  3. iс-шараның орындалуына жауапты лауазымды тұлға;
  4. ескертпелер (дәлелдi себептер бойынша iс-шараларды орындау мерзiмi ауыстырылған жағдайда) қамтылуы тиiс.

12. Халықтың ұсыныстары мен ескертулерiн iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың орындалу барысы тоқсан сайын әкiмдiктердiң отырыстарында қаралады.

13. Халықтың ұсыныстары мен ескертулерiн iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың орындалу нәтижелерi тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, әкiмдiктердiң ресми сайттарына орналастырылады, сондай-ақ кейiнгi есепте көрiнiс табатын болады.

14. Халыққа есеп беру кездесулерiнде келiп түскен ұсыныстар мен ескертулердi орындау бойынша қорытынды ақпарат Президент Әкiмшiлiгiне 2017 жылғы 1 желтоқсанға қарай ұсынылуы тиiс.

Әкiмдердiң есептерi барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерiн iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының үлгi нысаны

Мақаланың шыққан күні: 10.08.2017 16:12

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.08.2017 16:12

СҚО Айыртау ауданы әкiмi
Бейбiт Қайыркешұлы Исманов

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыeagro-trade

@2018 Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+
?